Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Жексенбі, 25 Тамыз 2019

Вопросы и ответы

Анар Беилова Омарқызы

Уақыты: 16.05.2019
Оқылды: 62 Печать страницы
Сұрақ: Құрметті,Ғалымжан Абрыдраймов мырза! Мен,Беилова Анар, Талдықорған қаласы,Абылай хан көшесіндегі №293үй тұрғыны,осы 5этажды,үйге байланысты мәселе туралы сізге өтінішім бар.1985жылы салынған бұл тұрғын үй "Модернизация ЖКХ" мемлекеттік программасы жүргізіліп жатқан жылдарда,ол үйге ешқандай жөндеу жұмыстары жасалмаған,соның салдарынан қазіргі жағдайда үйдің шатыры мүлде ескірген,шиферлары бәрі сынған,қар-жаңбыр жауғанда бөлмелердің төбесінен ішіне су ағады,жел,боран соққанда шатыр салдырлап,шиферлар жерге құлайды."ЖКХ"-ға да бардым,олар қазіргі кезде программа "Модернизация ЖКХ" жүргізіліп жатқан жоқ,сондықтан ешқандай көмек көрсете алмаймыз деп жауап берді.Және де,осы маңайдағы 4-тұрғын үйде "КСК" жоқ,оны да шешіп бере алмады "ЖКХ".Осы жылы бұл үйдің шатыры жасалмаса,үй шатырынан бастап қирай бастауы мүмкін. Сондықтан,сізден осы мәселені шешіп беруіңізді өтінеміз.Алдын ала,ризашылығымызды білдіреміз!

Жауап: Құрметті Анар Омарқызы!

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35-бабына сәйкес, тұрғын үйдің бөліктері (кіреберістер, шатырлар, баспалдақтар, лифтілер, шатырлар, жертөлелер, абаттандыру элементтері мен ортақ пайдаланылатын басқа да мүліктерді қоса алғанда, жер учаскелері) меншік құқығында үй-жайлардың меншік иелеріне тиесілі.
Сонымен қатар, "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы" шеңберінде көппәтерлі тұрғын үйге жаңғырту жүргізу үшін, кондоминиум объектісін басқару органы қажет, яғни:
1). кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асыру;
2). екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды қамтамасыз ету;
3). кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдау;
4). мамандандырылған Уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасы, ақау ведомостарын келісуді ұйымдастыру;
5). қосалқы мердігерлік ұйымды таңдауды келісуді жүзеге асыруға (оны тарту қажеттілігі);
6). объектінің жалпы мүлкін жөндеуге арналған шығыстар сомасын бекіту жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың пайдалы алаңының сомасына қатынасымен айқындалатын әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған шығыстарды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған;
7). мамандандырылған уәкілетті ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етсін;
8).орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасынан өкілдерді таңдауды жүзеге асыруға міндетті.
Пәтерлер иелерi кооперативiн құру мәселесі бойынша, Қазақстан Республикасының «Тұрғын ұй қатынастары туралы» Заңының 42 бабы, 7 тармағына сәйкес, басқа үйлермен бiрге үй-жайлар иелерiнiң бiр кооперативi басқаратын тұрғын үй-жайдың иелерi көпшiлiк болып қабылданған шешiм бойынша осы кооперативтiң құрамынан шығып, өзiнiң жеке кооперативiн құруға, басқа кооперативке ауысуға не кондоминиум объектiсiн басқарудың өзге нысанын қолдануға құқылы.
Сонымен қатар, «Тұрғын ұй қатынастары туралы» Заңының 43 бабына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру:
- Көп пәтерлi тұрғын үйдi немесе үйлер тобын басқару үшiн үй-жайлар иелерiнiң кооперативтерi, ал қоса салынған тұрғын емес үй-жайлары жоқ үйлер үшiн - пәтерлер иелерiнiң кооперативтерi құрылуы мүмкiн. Пәтерлер иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайы үй-жайлар иелерi кооперативiнiң құқықтық жағдайымен бiрдей.
- Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi кондоминиумның екi немесе одан да көп қатысушыларынан тұруы мүмкiн. Кәмелетке толмаған азаматтардың мүдделерiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері бiлдiредi.
- Құрылтай жиналысының өткiзiлгенi туралы кооператив құрудың бастамашылары әрбiр үй-жайдың (пәтердің) иелерiне жиналыс өткiзiлетiн болып белгiленген күннен кемiнде он күн бұрын хабарлауға тиiс.
- Егер кооперативтiң құрылтай жиналысына кондоминиумға қатысушы үй-жай үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының кемiнде жартысы қатысса, ол өткiзiлген болып танылады.
- Егер жиналысқа үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдарының жартысынан азы қатысса, жиналыс өткiзiлмеген болып танылады.
Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері жиналысты қайта шақыру және жазбаша сауалнама жүргізу туралы шақыру белгіленген күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын хабардар етіледі. Қайта өткізілетін жиналысқа дейін кондоминиум объектісін басқару органы немесе үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін құру бастамашылары күн тәртібі мәселелері бойынша үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің үштен екісінен астамының пікіріне жазбаша сауалнама жүргізеді.
Қайта өткізілген жиналыс оған қатысушылардың санына қарамастан өтті деп танылады. Жиналысты жүргізу үшін төраға мен хатшы сайланады. Жазбаша сауалнаманың нәтижелері қайта өткізілген жиналыстың хаттамасына енгізіледі.
- Әрбiр үй-жай иесiнiң құрылтай жиналысында бiр даусы болады. Бiрнеше үй-жай иесiнiң тиісінше дауыс саны болады.
Құрылтай жиналысының шешiмi жиналысқа қатысушылардың немесе олардың сенiм бiлдiрiлген адамдарының бiлiктi үштен екi даусымен қабылданады.
- Құрылтай жиналысы мынадай мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды:
1) үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн құру;
2) кооператив Жарғысын бекiту;
3) кооператив басқармасының төрағасын, басқарма мен тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау.
Тұрғын үй инспекциясы үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасының төрағасы қызметіне кандидатура ұсынуға құқылы.
Кооператив басқармасының төрағасы қызметіне ұсынылатын кандидатура уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Құрылтай жиналысы кондоминиум объектiсiне қатысты басқа да мәселелердi қарауға құқылы.
- Үй-жайлардың кооператив iстерiн басқаруға қатыспайтын иелерi кооперативтiң барлық мүшелерiмен қатар кондоминиум объектiсiн ұстауға қажеттi мөлшерлi ақша төлеп және (немесе) еңбекпен қатысуға, кондоминиум объектiсiн басқару органдарының ортақ мүлiктi ұстау мен пайдалануға қатысты және үйдiң берiктiгi мен пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн барлық шешiмдерiн орындауға мiндеттi.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.