Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Жексенбі, 25 Тамыз 2019

Вопросы и ответы

Ерболаева Кенжегуль Айгалиевна

Уақыты: 15.02.2019
Оқылды: 153 Печать страницы
Сұрақ: Курметтi Талдыкорган каласынын акiмi! Мугалiмдерге уй беру маселесiн шешiп берсенiз. Балалы-шагалы бола тура патерден патерге кошу деген кандай екенiн тусiнетiн шыгарсыз. Айлык жалакы ен патер акысын толеп туру каншалыкты киын екенiн де бiлесiз гой. Сол себептi Уй алуыма комек колын созынызшы. Отiнiп сураймын сiзден.

Жауап: Құрметті Ерболаева Кенжегуль Айгалиевана!

Сіздің Талдықорған қаласы әкімінің жеке блогына тұрғын үй беру туралы жазған өтінішіңіз Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында қаралды.

Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тіркелмегендіктен, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезекті ретімен беріледі.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 - бабына сәйкес, егер Сіз тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатсаңыз немесе «Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметкерлер» санатына жататын болсаңыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық Министрлігі тұрғын үй шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын мақұлдауы туралы 09.04.2015ж № 319 бұйрығына сәйкес, азаматтардың тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тұру үшін қажетті құжаттары мен өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының-Алматы облысы бойынша филиалы (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) қабылданатыны туралы хабарлаймыз. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 67 «Б» үй.

Қазіргі уақытта «Жас отбасыларға арналған «Өңірлік дамыту-2020» бағдарламасы қолданыста жоқ. Сондай –ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жолығуыңызды ұсынамыз.

Сонымен қатар, Сіз уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6) - тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Қала әкімінің
орынбасары Д. Тұрғанбаев

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.