Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019

Вопросы и ответы

Сапарова Алия

Уақыты: 05.07.2019
Оқылды: 17 Печать страницы
Сұрақ: Құрметті Ғалымжан Райлович!Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша документ қабылдау қай уақытта басталады

Жауап: Құрметті Алия Сапарова!

Сіздің Талдықорған қаласы әкімінің жеке блогына «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жазған хатыңызды қарастырып төмендегіні хабарлайды.
Қазіргі уақытта тұрмысы төмен отбасыларға «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы енгізілуде. «ҚТҮҚЖБ» 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2 %-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша, алдын ала тұрғын үй қарыздары бойынша қарыз сомасының 10 %-ынан кем емес мөлшерде тұрғын үй сатып алуға кредит беруде.
Аталған бағдарламаға:
көп балалы отбасы;
толық емес отбасы;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) өтініш берген күнге өтініш берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;
3) ағымдағы қаржы жылына отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген 1 (бір) ең төменгі айлық жалақы көрсеткішінен аспайтын, соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалы бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
4) некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
5) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен отбасылық жиынтық табыстың болуы;
6) төлем қабілеттілігін растау;
7) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтың мәртебесі мен тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою санаты көрсетілген ЖАО-ның растауы.
Қажетті құжаттардың тізбесі ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады.
Кредит беру талаптары:
қарыздың нысаналы мақсаты – бастапқы (оның ішінде ЖАО-ның кредиттік тұрғын үйін) және қайталама нарықтарда тұрғын үй сатып алу;
кепілдікті қамтамасыз ету – сатып алынатын тұрғын үй немесе ҚТҚЖБ-ның тиісті талаптарына сай келетін өзге мүлік.
Сонымен қатар, ЖАО тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылған.
Жоғарыда айтылғанның негізінде, «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін Сіз Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде ЖАО-да мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге кезекте тұруыңыз қажет.
«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке тұруғаөтініш пен құжаттарыңызды өткізу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының-Алматы облысы бойынша филиалына (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) жүгінуіңіз қажет.
Кезекке алынған жағдайда, төлем қабілеттілігін растауға ҚТҚЖБ-не жолдама алуға Талдықорған қ., Абай к-сі, № 241, 106-бөлмеге жолығуыңыз қажет.
Қосымша айта кетсек, Сіз уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6 тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігіңізді хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.