Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Сейсенбі, 25 Маусым 2019

Вопросы и ответы

Гулжан Калдай Берікқызы

Уақыты: 04.11.2018
Оқылды: 160 Печать страницы
Сұрақ: Сəлеметсізбе? Менин аты жөнім Қалдай Гулжан.1 ші топ мүгедегімін жене жалғыз басты анамын. Ата анам жок.Қазіргі таңда талдыкорган қаласы шығыс шағын ауданыН-да жалдамалы пəтерде турамын өкімет тарапынан берилетин қаражатқа 30000 пəтер ақы толеймин жумыска жарамсызбын.өкімет тарапынан уакытша баспана берлиме?

Жауап: Құрметті Калдай Гулжан!


Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 - бабына сәйкес, азаматша Г.Қалдай мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, «І-ІІ топ мүгедегі» санаты бойынша 2015 жылы желтоқсан айының 09 күні есепке алынған, қазіргі кезегі №992. Оның алдында кезекте тұрған азаматтардың барлығы да тұрғын үйге мұқтаж болып табылады, дәлелдейтін құжаттары қабылданған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен берілетіндігі, сонымен қатар, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылатындығы, егер аталған Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайтындығы, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған азаматтар мен жалдамалы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар кезегі бір болып табыла, тұрғын үйге мұқтаж жандарға пәтер бөлінетін кезде Г.Қалдай өз кезектілігіне сәйкес және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының атқарушы органының шешімімен берілетіндігі туралы хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.