Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2019

Вопросы и ответы

Алмат Маматаев Саматович

Уақыты: 04.07.2019
Оқылды: 12 Печать страницы
Сұрақ: Құрметті Ғалымжан Абдраимов! менин сурагым жер кезегі журіп жатыр ма алде токтап турма: отенай акиматында казыр жер берилип жаткан жок дейди, мен кезекте 2016 ж бастан турмын, отбасым мен кв да турамын, 2 балам бар , жумыс жасаймын, енди менин кояр сурагым, жер бериледи ма, алде баска жолын каврастырайын ба? егов та бари жазылып тур

Жауап:
Құрметті Алмат Саматович Маматаев!

Сіздің қала әкімінің жеке блогына жазған тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтінішіңізді қарастырып төмендегіні хабарлаймын.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43, 44-баптарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» №255 бұйрығының талаптарына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелері сұралған кезде азаматтардың өтініштері (өтінімхаттары) арнайы есепке алынады. Бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай (электрқуаты мен су құбыры), және жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар бар болған жағдайда қанағаттандырылады.
Өтенай ауылдық округ әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Сіздің кезек номеріңіз 23018.
Жер заңнамасында жер учаскелерін бөлуде азаматтарға (мүгедектерге, жағдайы төмен отбасыларға, көпбалалы аналарға) жеңілдіктер қарастырылмағандықтан, заң алдында барлық азаматтар тең қағидасына сәйкес жер учаскесін беру жалпы тізімдегі кезек негізінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңның 10-бабына сәйкес, өтініштердің жауабына шағымдану құқығыңыз бар деп мәлімдейді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.