Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Сәрсенбі, 16 Қазан 2019

Вопросы и ответы

Ержігітов Қанат Құдайбергенұлы

Уақыты: 03.09.2019
Оқылды: 28 Печать страницы
Сұрақ: Қазақстан Республикасы Талдықорған қаласының әкімі Ғ. Р. Әбдірайымов мырзаға Dombyra ұлттық телеарнасының басшысы Ержігітов Қанат Құдайбергенұлынан Құрметті Ғалымжан Райылұлы! Қоғамда ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде бірінші Елбасымыздың шешімімен шілде айының 1-ші жексенбісі «Ұлттық домбыра күні» болып жарияланды. Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. ЮНЕСКО-нің шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Осыған байланысты 1 наурыздан бастап, тәулігіне 24 сағат ана тілімізде ұлттық музыкалық «Dombyra» ұлттық телеарнасы іске қосылды. «Dombyra» ұлттық телеарнасы – қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын (домбыра, жетіген, қобыз, шертер т.б.) дәстүрлі әндері, жыр, терме мен күйлерін халыққа барынша насихаттайтын жаңа форматтағы телеарна. Күмбірлеген домбыраның үні ақындарымызға шабыт, батырларымызға рух берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз бола беруі тиіс. Домбырамыздың пернесінен шыққан күйінде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған, асыл мұрамызды сақтап қадір тұтуымыз қажет. Өнер- ұлт келбеті дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Төл мәдениетімізге деген қамқорлық әрқашан мемлекетіміздің айрықша назарында болған. Қазіргі таңда телеарна өкілдері еліміздің облыстары мен қалаларына түсірілім барысымен іс-сапар жасауда. Өзіңіз басшылық ететін өңірдің мәдениетін, өнер майталмандарының шығармашылығын, шеберлердің қолөнерін дәріптеп, телеарна эфирінен барша халыққа таныту мақсатында, Сізден «Dombyra» ұлттық телеарнасының шығармашылық тобына жол шығыны, тұратын жері, тамақтануы мен қаламақысы туралы қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Түсірілім барысы келесі тізімді қамтиды: -Дәстүрлі өнер өкілдерінің шығармашылығын түсіру: термешілер, жыраулар, дәстүрлі әншілер, күйшілер; - Белгілі мәдениет өкілі жайлы бағдарлама; - Шеберлердің қолөнер туындылары жайлы бағдарлама; - Мәдени, өнер мекемелері жайлы бағдарлама; Құрметпен телеарна басшысы Қанат Ержігітов

Жауап: Құрметті Қанат Құдайбергенұлы!

Сіздің 2019 жылғы 03-қыркүйектегі Талдықорған қаласының әкімі Ғ.Р. Әбдірайымовтың жеке блогына «Dombyra» телеарнасының ұлттық аспаптарды насихаттау барысындағы түсірілім тобына жол шығыны, тұратын жері, тамақтануы мен қаламақысы және дәстүрлі өнер өкілдері шығармашылығы, белгілі мәдениет өкілі, шеберлердің қолөнер туындылары, мәдени, өнер мекемелері жайлы бағдарлама түсіруге қолдау көрсету туралы жазған хатыңыз Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында қаралды.
Талдықорған қаласы әкімдігі жеке және заңды тұлғалардың шығармашылығы мәселесіне қаржы қарастырылмағандығын және әкімдікке қарасты тегін жатын орынның жоқтығын ескертеді.
Сонымен қатар, дәстүрлі өнерөкілдері шығармашылығы, белгілі мәдениет өкілі, шеберлердің қолөнер туындылары, мәдени, өнер мекемелері жайлы бағдарлама түсіруге заң аясында көмек беретінін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.