Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Сәрсенбі, 16 Қазан 2019

Вопросы и ответы

Бекетқалиқызы Назым

Уақыты: 03.08.2019
Оқылды: 16 Печать страницы
Сұрақ: Сәлеметсізбе! Мен осы жылы бітірген түлектердің бірімін. Химия биология пәнін таңдап 101 балл жинадым. Бірақ ешқандай грант алмадым. Сізден сұрайын деген сұрағым әкімдік грант бөлінеді ма? Және осы жылы 5000 грант көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын балаларға бөлініп жатыр. Менің анам және әпкем бар.Ал әкешім қайьыс болып кетті. Мен осы атаулы әлеуметтік көмек алатын балалар санатына жатамын ба?

Жауап: Құрметті Назым Бекетқалиқызы !


Сіздің қала әкімінің жеке блогына жоғары оқу орнында оқу үшін әкімдік грантты және атаулы әлеуметтік көмектерді қалай алуға болатындығы туралы сұрағыңыз Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында қаралды.
2018 жылдың 28 наурыздағы «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» № 167 шешімінің 2 тармағының 6 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын табыстарын есепке алмай жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалары бар аз қамтылған отбасылар әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күн көріс (29698 теңге) деңгейінің мөлшерінен аспайтын жағдайда арнайы комиссия шешімінің қортындысы негізінде әлеуметтік көмек көрсетіледі. Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмекке үміткер ретінде келесі құжаттарды:
1. Өтініш (1- қосымшасына);
2. Жеке басын куәландыратын құжатты;
3. Тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
4. Отбасының құрамы туралы мәлімет (1- қосымшасына);
5. Адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;
6. Өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні немесе құжатты, Н. Назарбаев даңғылы 35а үйде орналасқан «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 7 кабинетіне телефоны 24-77-13 ұсынуыңызға кеңес беріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің 2019 жылдың 29 наурыздағы № 153 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысының есептеудің ережесі» негізінде отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстары туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстардың барлық түрлері) есептеледі. Сонымен қатар бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірінде тіркелінген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кедейшілік шегінің мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 31 тамыздағы № 290 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың 1 сәуірден бастап – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда жүгіну тоқсаннының алдыңғы тоқсанға есептелген, республикалық бюджетпен бекітілген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыздан төмен болмайтын (20789 теңге) мөлшерінде айқындалған.
Жоғарыда аталған Заңға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жеке бас куәлігіңізбен Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі № 222 үйде орналасқан «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жолығуыңызға болады.
Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы » Заңының 14 - бабына сәйкес өтініш бойынша қабылданған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.