Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Сейсенбі, 25 Маусым 2019

Вопросы и ответы

Хумай Кенжегүл Хумайқызы

Уақыты: 27.02.2019
Оқылды: 48 Печать страницы
Сұрақ: Сәлеметсізбе Шалтабаев Дастан Тұрарбекұлы!Менің сізге хат жолдау себебім менің ата-анам өтте ерте қайтыс болған үй кезегінде тұрғаныма 4 жыл болып қалды өзім времянкада тұрамын бар тапқаным отын-көмірмен квартирамен кетеді қатты қиналып кеттім айлық табысым 30000 аспайды үй кезегі жөнінде сұрағымды жауапсыз қалдырмасаныз екен не тұрақты жұмысым жоқ менің 6 айлық 3 айлық деген емес стаж жүретін тұрақты жұмысқа орналасқым келеді қоғамдық жұмысқа араласып көргенмін

Жауап: Құрметті Хумай Кенжегүл Хумайқызы!


Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, Сіз тұрғын үйге мұқтаж, «Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша 2016 жылы 11 ақпан айында есепке алындыңыз, қазіргі кезегіңіз № 1070. Сіздің алдыңызда кезекте тұрған азаматтардың барлығы да тұрғын үйге мұқтаж болып табылады, дәлелдейтін құжаттары қабылданған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер аталған Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайтындығын мәлімдейміз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде хабарлайтынымыз: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жандарға үй-жай бөлінген кезде Сізге пәтер өз кезегіңізбен және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының атқарушы органының шешімімен беріледі.
Сонымен қатар, Сіз уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6) - тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.