Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Жексенбі, 26 Мамыр 2019

Вопросы и ответы

Курманжан Диляра Курманжанқызы

Уақыты: 11.02.2019
Оқылды: 35 Печать страницы
Сұрақ: Сәлеметсізбе! Дастан Тұрарбекұлы мен 4 баланың анасымын кəзіргі уақытта ауылда тұрып жатырмыз себебі басымыз да баспанамыз жоқ тапқан таянғанымыздын барлығы кредит пен жалдамалы пәтерге кеткен себепті ауылға көшіп кеттік бұл жерде мектеп мәселесі қиын болып тұр қаңтар айы басталғалы балалар сабаққа 5 6 рет қана барды подвоз бен оқыйды ауылда жол жок желден жол болмаған соң ауыл тұрғындары өздері ақша жинап жол ашты бірақ қашанғы өзіміз ақша жинап жол ашамыз жұмыс жасамаймыз ақша бірде бар бірде жоқ төртінші баламнын 1 жасқа дейінгі жəрдем ақысына қарап отырмыз көп балалы ана ретінде тұрғын үй кезегінде тұрмын бірақ ол кезек қай уақытта келеді ол кезек жеткеше балаларымнын сабағы қалай болмақ ауылда жұмыста жоқ балам 1 жасқа толған соң жəрдем ақы тоқтайды ондан соң қалай күн көреміз сол себепті сізден көмек сұраймын тұрғын үй мəселесіне көмектесіңізші өз үйіміз болса дейміз алдын ала рахмет!

Жауап: Талдықорған қаласының әкімінің аппаратында, Сіздің Талдықорған қаласы әкімінің жеке блогына пәтер мәселесі бойынша жазған хатыңыз қаралды.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, Сіз тұрғын үйге мұқтаж, «Көп балалы отбасы» санаты бойынша 2018 жылдың 18 сәуір айында есепке алындыңыз, қазіргі кезегіңіз № 939. Сіздің алдыңызда кезекте тұрған азаматтардың барлығы да тұрғын үйге мұқтаж болып табылады, дәлелдейтін құжаттары қабылданған.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер аталған Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында ешкімнің де басымдық құқығы болмайтындығын мәлімдейміз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде хабарлайтынымыз: мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жандарға үй-жай бөлінген кезде Сізге пәтер өз кезегіңізбен және Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 77-бабына сәйкес, Талдықорған қаласының атқарушы органының шешімімен беріледі.
Сонымен қатар, Сіз уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6) - тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.