Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Бейсенбі, 18 Шілде 2019

Вопросы и ответы

Аблакимов Олжас

Уақыты: 10.06.2019
Оқылды: 27 Печать страницы
Сұрақ: Құрметті Ғалымжан Райлович! Талдықорған қаласы,Пушкина көшесі, 3 уй мекен жайында ескі үйім бар Тəуелсіздікпен қиылысады.қасында орталық парк орналасқан Сол үйді бұзып орнына жаңа үй салуға жоспарым бар,алайда естігенім бойынша сол ауданның бір неше көшелері бұзылып орнына жаңа шағын ауданы салынуға жоспар жасалған дейді. Осы себепті нақты Пушкина көшесі жене т.б көрші көшелер бұзылама жоқпа? Рахмет

Жауап: Құрметті Аблакимов Олжас!

Жоғарыдағы сауал бойынша келесі ақпаратты хабарлаймыз:
2017 жылдың 17 қыркүйектегі № 568 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Алматы облысы Талдықорған қаласының бас жоспарының» негізінде, аталған жер учаскесінде драма театры құрылысы жоспарланғандықтан, Аппарат Сізге жеке тұрғын үй құрылысын салуға рұқсат беру мүмкін емес екендігін хабарлайды.
Сіз, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 14-бабының 6-тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) өтініш бойынша қабылданған шешімге келіспеген жағдайда заң талаптарына сай шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.