Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Сәрсенбі, 16 Қазан 2019

Вопросы и ответы

Молбосынова Назгуль

Уақыты: 07.06.2019
Оқылды: 43 Печать страницы
Сұрақ: ҚҰРМЕТІ ҚАЛА ƏКІМІ АБДРАЙМОВ ҒАЛЫМЖАН РАЙЫЛОВИЧ Талдықорған қаласы Дайыров көшесінің 74 үйден 86үй аралықтарында мүлдем ешқашан асфальт төселмеген жақында ғана 74 үйге дейін асфальтталған жолға кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізді бірақ 74 үйден бастап ары қарай көше бойында адамдар тұрмайтындай ештеңе де жасалған жоқ. Неге екенін түсіндіре алатын жауапты мекеме бар ма??? Əлде смета тек74 үйге дейін жасалған ба??? Ұят масқара ғой біз қай ғасырда жүрміз 74 үйден бастап тас дәуірі ма деп қаласыз. Əлде Дайыров көшесінің жолы толық жөндеуден өтті деп есеп беріле ме. Бұл мəселе шешімін таба ма жауапты мекемені бақылайтын кім???? Осы жылдың сәуір айының 10 таман жазбаша ұжымдық өтініш қалдырғанбыз (ол кезде қала əкімі Шалтабаев болған ) алайда ҚР Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу туралы ережеге сəйкес бүгінгі күнге дейін ешқандай жауап жоқ. Өтінішті қабылдау талон номері 181910000140000. Бұл дегеніңіз арызымыз еш қараусыз қалғандығын білдіреді. Осы мəселелені мұқият қарап шешіп берсеңіз

Жауап: Құрметті Молбосынова Назгуль!

Қала әкімінің аппараты Сіздің Дайыров көшесін жөндеу туралы қала әкімінің блогына жазған өтінішіңіз бойынша, төмендегідей хабарлайды.
«Талдықорған қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сінің мамандарымен көше өлшеу жұмысы жүргізілді. Даиров көшесінің Гауһар көшесінен Подгорная көшесіне дейінгі ұзындығы 1,3 шақырым құрайды. Аталған көшеде кәріз жұмыстар жүргізілмеген. Қазіргі уақытта жоғарыда көрсетілген көшені жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін смета дайындалуда. Қалалық бюджеттен қажетті қаражат бөлінген кезде жөндеу жұмыстары басталады

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.