Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018

Вопросы и ответы

Тусупаева Аружан

Уақыты: 28.09.2018
Оқылды: 49 Печать страницы
Сұрақ: Салеметсизбе! Жас отбасымыз! 1болмели уйге кол жеткизе алмай журмиз! Кезекке де тура алмадык! Менин жасым 20да ! Еки баланын ата анасымыз! Жилстройсбербанк та первоначальный взнос сурайды! Оган ондай каражат жок! Комектессениздер жаксы болар еди! Жас отбасы деген программада жок екен ! Квартирада турамыз! 4жыл болды! Армандар орындалады деп сенемин! Ай сайвн толеп турамыз! Тек уй озимиздики болса! Комектесиниздерши!

Жауап: Құрметті Аружан Тусупаева!

Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тіркелмегендіктен, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімде белгіленген кезекті ретімен беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 - бабына сәйкес, егер Сіз тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жатсаңыз немесе «Мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметкерлер» санатына жататын болсаңыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық Министрлігі тұрғын үй шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын мақұлдауы туралы 09.04.2015ж №319 бұйрығына сәйкес, азаматтардың тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тұру үшін қажетті құжаттары мен өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының-Алматы облысы бойынша филиалы (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) қабылданатыны туралы хабарлаймыз. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 67 «Б» үй.
Қазіргі уақытта «Жас отбасыларға арналған «Өңірлік дамыту-2020» бағдарламасы қолданыста жоқ. Сондай –ақ «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жолығуыңызды ұсынамыз.
Сонымен қатар, Сіз уәкілетті органның жауабымен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 14 бабының 6) - тармағына сәйкес лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), не өтініш бойынша қабылдаған шешіміне шағым жасауға құқығыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.