Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Дүйсенбі, 25 Маусым 2018

Вопросы и ответы

Сагындыков Данияр Жарылқасынұлы

Уақыты: 23.04.2018
Оқылды: 37 Печать страницы
Сұрақ: Құрметті Бағдат Әбілмәжінұлы! Мен "Талдықорған" қоғамдық-саяси газетінде тілші болып, жұмыс жасап жүргеніме 3 жылдан асты. Шаһардың тыныс тіршілігін насихаттап, халықты ақпаратпен қамтуда ауқымды үлес қосып келемін. Жасым 28-де, үйленгенмін. 2017 жылдың соңында отау құрдым. Келіншегім облыстық "Жетісу" телеарнасында қызмет істейді. Бүгінде пәтер жалдап тұрып жатқан жайымыз бар. Ипотека аштырып, банкке ақша жинауға да мүмкіндігіміз аз болып тұр. Басымда екі несием бар. Жолдасым екеуміздің тапқан табысымыз ештеңеге жетпейді. Айлығымыздың бір бөлігі пәтердің арендасына кетсе,жартысы несиені жабуға жұмсалу үстінде. Сізден баспана мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап: Құрметті Данияр Жарылқасынұлы!


Сіздің Талдықорған қаласы әкімінің жеке блогына тұрғын үй беру туралы жазған өтінішіңіз Талдықорған қаласы әкімінің аппаратында қаралды.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 - бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап тізімге енгізілген кезек ретімен беріледі.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68 - бабына сәйкес егер Сіз тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж, халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын азамат болсаңыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономикалық Министрлігі тұрғын үй шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартын мақұлдауы туралы 09.04.2015ж №319 бұйрығына сәйкес, азаматтардың тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тұру үшін қажетті құжаттары мен өтініштері «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының-Алматы облысы бойынша филиалы (Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы) қабылданатыны туралы хабарлаймыз. Мекен-жайы: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік к-сі, 67 «Б» үй.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.