Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Дүйсенбі, 22 Қазан 2018

Вопросы и ответы

Ерлан Сейткулов Нурмухамбетович

Уақыты: 30.05.2018
Оқылды: 82 Печать страницы
Сұрақ: Ассалау мағалейкум Дастан Тұрарбекұлы. Сәуір айының соңында Бағдат Әбілмәжінұлына мазалап жүрген сұрағымды қойып едім, мамыр айының ортасында тез арада тазаланады, қоқыстың бәрін шығарылып тастайды деген жауап келген. Мамыр айының соңы болды, қоқыс тазалайтындар тұрмақ тірі жан көрінбеді. Сізге де қоятын сұрағым және сенімгерлікпен өтініп сұрайтыным: Мен хутр ы.а., Даиров көшесі 27 А үйде тұрамын. Біздің ауламыздың алдынан кішкене арық ағып өтеді. Сол арықтың бойы түгел (әсіресе 25 Б мен 27 Б үйдің ортасы) және Чкалов көшесі (Даирова мен Шевченко көшесінің ортасы) тек қоқыс төгетін орынға айналды. Өзімнің ауламда қоқыс төгетін жәшігім бар, жоғарыда көрсетілген жерлерге түнде, адам аз кезде келіп мөшекпен лақтырып кетеді. Көп көршілердің үйінде қоқыс төгетін жәшік жоқ, солар апарып төгеді ма жоқ басқалар ма оны білмедім. Үйде кішкентай балалар, немерелер бар. Далаға шығарып ойнауға жібергенге қорқасың (бөтелке сынықтары, т.б. басқалар көп), ол аздай қоқыстың иісінен адам тұрмақ итте жиіркенеді. Сонымен қатар, түнгі уақытта мастар жүреді ма немесе ұрлықшылар жүреді ма өзімнің және көршілердің иттері маза бермейді. Кім екенін көре алмайсың көшемізде жарықтандыру құрылғылары жоқ. Сізден өтініп сұрайтыным, ең бірінші сол қоқысты тазартып берсеңіз және Елбасымыздың цифрлы Қазақстан деген бағдарламасын іске асыру мақсатында осы маңға жарықтандыру мен бейне бақылау орнатып берсеңіз (кімнің қоқыстың лақтыратынын және ұрыларды қадағалау мақсатында) үлкен рахметімді айтамын. Бұл өтініш орындалады деген және екінші рет қойылған сұрағыма қанағаттанарлық жауап аламын деген үміттемін. Сізге алдын ала үлкен рахмет! жұмысыңызға табыс, отбасыңызға амандық тілеймін.

Жауап: Құрметті Ерлан Нұрмұхамбетұлы !

«Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Сіздің қала әкімдігінің ресми сайтына Дайыров және Чкалов көшелері туралы жазған сұрағыңызды қарастырып, келесіні хабарлайды.
«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің бастамасымен ағымдағы жылдың 06 маусымы күні мердігер мекеме «Verena Teach Research» ЖШС-мен Чкалов көшесі №25Б және 27Б үйдің ортасы, Чкалов көшесі (Дайыров пен Шевченко көшесінің ортасы) қоқыстан тазартылды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға 6 адам, 2 техника жұмылдырылды. Аталған көшелерден бір «Камаз» автокөлігімен қоқыс жиналып, арнайы орынға жеткізілді.
Сондай-ақ, Дайыров көшесіне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына алынды.
Қосымша 5 фото сурет.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.