Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Дүйсенбі, 22 Қазан 2018

Вопросы и ответы

Өзденбаев Жанбай

Уақыты: 04.09.2018
Оқылды: 15 Печать страницы
Сұрақ: Солтүстік батыс тауданының тұрғын үйлер саны тез көбейіп келе жатқан солтүстік шалғайында тұрмыстық қалдықты шығару мүлдем ұйымдастырылмаған. Қалай болса солай көшеде, жолдардың жиегінде, үйлердің арасында, әсіресе - Жақынбаева көшесі мен «Шайқорған» аумағындағы 12 көшенің қиылысындағы үлкен үй орнындай шұңқырда тасталынған, үйілген неше түрлі қоқыс иістеніп жүректі айнытады, аумақтың сәнін бұзады, иттер мен құстар одан әрі шашып, шыбындар антисанитариялық жағдайды өршітіп мейлінше қолайсыздық жасауда. Осындай күйге байланысты 1) Солтүстік батыс тұрғын ауданының солтүстік шалғайында апта сайын (қаладағы бір ай, екі айда шығарылытын контейнерлер үнемі сасып тұрады) тұрмыстық қалдығын шығару жайлы мәселені шешуіңізді сұраймын. 2) Мезгіл – мезгіл, арнайы рейдпен тұрғындардың үй аумағының тазалығын, қоқысты қайда шығаратынын тексеріп тұру қажеттілігі бар. Рейдтің шығынын тазалық бұзушылардың айып пұлы есебінен жабуға болады. 3) Және де осы жақта болып тұратын үйлерге түсетін ұрлықты тию үшін видеокамералар (мүмкін: «Қазақтелекомның» тартылған коммуникациялық кабелдерін пайдалануға болатын шығар) орнату мұқтаждығы бар.

Жауап: Құрметті Өзденбаев Жанбай!


Талдықорған қаласы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарды тазалаумен айналасатын мердігер мекеме «Verena Teach» ЖШС-мен Шайқорған саяжайы, №11 көшенің төменгі жағынан 14 бағыттағы автобустың соңғы аялдамасына дейінгі аралықтан, яғни Қаратал өзені бойынан 9 «Камаз» көлігімен қоқыс шығарылып, арнайы орынға жеткізілді. Аталған іс-шараға 6 жұмысшы, 3 дана арнайы техника жұмылдырылды.
Талдықорған қаласының аумағындағы қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, қадағалау мақсатында бейне бақылау камераларын орнату мәселесі «Алматы облысының Ішкі істер департаменті» ММ-нің құзырына кіргендіктен, аталған мекемеге жолығуды ұсынамыз.
Мекен жайы: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі 91, анықтама телефондары (7282) 608007, 608008.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.