Аким города Талдыкорган

Аким города Талдыкорган

Официальный блог

Бейсенбі, 13 Желтоқсан 2018

Вопросы и ответы

Козбакова Алтын ×

Уақыты: 13.08.2018
Оқылды: 58 Печать страницы
Сұрақ: Мен СССР паспортымды ауыстыра алмай жүрмін метрікем жоқ метрікемді растайтын қағаз бар көші қон полициясы метрікемнің өзін сұрап жатыр Өзбекістанға метріке көшірмесін жіберу туралы факс жібергеніме 6ай болды еш нәтижесіз соны не істесем болады сіздерден көмек барма?

Жауап: Құрметті Казбакова Алтын!


Сіздің 2018 жылы 13 тамыздағы қала әкімінің жеке блогына жазған хатыңыз әкім аппаратында қаралды.
Сіздің құжаттарыңызды рәсімдеу үшін, 22.01.1993 жылы Минск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдермен қабылданған «Азаматтық, отбасылық және құқықтық қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар және көмек көрсету» Конвенциясының 5- бабына(28.03.1997 жылғы Хаттамасының редакциясына) сәйкес, Өзбекстан Республикасынан қайталама туу туралы куәлікті, Әділет органдары арқылы жолданатынын хабарлаймыз. Сондықтан тиісті құжаттарыңызбен тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша АХАТ мекемесіне жолығуыңызға кеңес береміз.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2018. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.